Ер адам өз ұсынысынан бас тартқан әйелдің бетіне қышқыл шашып жіберген

Үндістанның Джайпура қаласында тұрмысқа шығып, үш баланың анасы атанған әйел сауда орталығында тазалықшы болып жұмыс істеп жүрген. Әулие Валентин күні оған бұрын ғашық болған ер адам келіп, көпшілік алдында ұсыныс жасаған. Алайда әйел оның ұсынысынан бас тартқан. Мұнан кейін ер адам оның бетінше қышқыл шашып жіберіпті, деп хабарлайды Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

35 жастағы Мехбоб Хан 2 жыл бойы сүйіктісіне ұсыныс жасаған. Алайда 3 баланың анасы оның сезіміне жауап бермепті. Әулие Валентин күні ер адам көпшілік алдында сезімін білдіруге шешім қабылдаған. Бұл жолы да сүйіктісі кезекті рет бас тартқаннан кейін, ер адам оның бетіне қышқыл шашып жібереді. Салдарынан әйелдің беті, қолы мен денесі күйіп қалған.

Сондай-ақ, сүйіктісінен кек алмақ болған Мехбоб Ханның өзі де қышқылдан зардап шегіпті. Ол қышқылды әйелге шашпақ болғанда, өз үстіне де төгіліп кеткен.

Қазіргі уақытта Мехбоб пен оның құрбаны бір ауруханада емделіп жатыр.

Полиция мәлімдегендей, ер адам ауруханадан шыққан бойда тұтқындалады. Ол адам өлтірмек болғаны, қышқыл қолданғаны және әйелді аңдығаны үшін айыпталатын болады.

Оқи отырыңыз:

Пхенчхандағы қысқы Олимпиадада бір журналист қайтыс болды

Тәрбиешісі балабақша маңында ұмытып кеткен 3 жасар қыз үсіп өлді

Ақмола облысында бұзылған жылытқыштың кесірінен анасы мен баласы көз жұмды

Хромтауда өрттен екі бала қайтыс болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
18.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар