Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда жүйке ауруына шалдыққан ер адам жасөспірімді пышақтап тастады

Қарағандыда психологиялық ауруға шалдыққан ер адам 17 жастағы мектеп түлегін пышақпен жарақаттап тастады. Оқушының қасына келген ер адам, оның мойынына пышақ сұққан.

Безымянный

Бұл туралы «Наша Ярмарка» хабарлайды.

30 маусымда оқиға мектеп ауласында болған. Пышақпен қаруланған ер адам әлдекімді іздеген. Кенет оның назары бір топ жігіттерге ауады. Жасөспірімдердің қасына жетіп келген ол бір сөз айтпастан отырған жігіттің тамағына пышақ бағыттаған.

Облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілген балаға, жедел операция жасалады. Оқиғаны көп адам көріп тұрғандықтан, полиция күдіктінің фотороботын бірден анықтаған.

“Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция 5 шілде күні 37 жастағы тұрғынды ұстады. Ер адамнан пышақ тәркіленді. Ұсталған күдікті қазір уақытша тергеу изоляторында”, – деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз хатшысы Батыр Смаилов.

Белгілі болғандай, ұсталған адам психоневрологиялық диспансердің есебінде тұрады.

Оқи отырыңыз:

Алматы маңында «Алтын алқа» иегері сегіз баласымен далада түнеп жүр (фото)

Тұрғындар 7 жасар баланы зорлап жатқан педофилді өлтіріп қоя жаздады (видео)

Павлодарлық ару аттракционға мінемін деп өмірімен қош айтыса жаздады

ШҚО тұрғындары мәйітті үй ауласына көмбекші болған адамды видеоға түсіріп алды (видео)

Талқылау