Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО тұрғындары мәйітті үй ауласына көмбекші болған адамды видеоға түсіріп алды (видео)

ШҚО-ға қарасты Риддер қаласында адамшошырлық жағдай орын алды. Таңғы сағат 4 шамасында жас жігіттер өздері тұратын үйге қарама-қарсы бетте күмәнді адамды байқап қалған. Ер адамның әрекетінен сезіктенген олар бірден полиция шақыртып, болған жайтты видеоға түсіріп алған.

риддер тургындары 0507

Бұл туралы YK-news.kz хабарлады.

Кадрдан адамның мәйітті тұрғын үй жаққа қарай сүйреп бара жатқанын анық көруге болады. Ал оқиға орнына жеткен полицейлер ер адамды ұстап алып, уақытша ұстау изоляторына отырғызып қойды.

«29 жастағы күдікті азамат қонаққа 45 жастағы ер адамды шақырған. Екеуі бірге ішімдік ішіп, өзара қырқысып қалған. Ал ұрыс төбелеске ұласқан. Алған жарақаттың кесірінен қонақ сол бойда қайтыс болған. Ал үй иесі оның мәйітінен құтылғысы келген көрінеді», – деді ШҚО ІІД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта полиция оқиғаның жай-жапсарын анықтап жатыр. «Адам өлімі» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Ал адамшошырлық кадрлар желіде «Қаскөй 5 мөлтек ауданында ер адамды өлтіріп, таң атпастан оны 5 үйдің ауласына көміп тастамақ болды» деген атаумен тарап кетті.

Оқи отырыңыз:

Қарағандыда ішкіш көршілерінің кесірінен 10 пәтер жанып кетіп, иелері далада қалды

Астанада Chevrolet автокөлігі суға құлап кетті

Көршілерін өрттен құтқарған 3 баланың әкесі жұрттың ыстық ықыласына бөленді

Оралда құрылыс алаңынан табылған сәбиді өз әкесі қамқорлығына алмақшы

Талқылау