Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда ұлы туған анасын балталады деп айыпталды

23 сәуір күні Қарағанды қаласында болған қанды оқиғаға қатысты жаңа деректер пайда болды.

18j1q9pcwm1ktjpg

Бұл туралы Криминальные новости басылымы хабарлайды.

Соңғы рет подъезд тұрғындары 55 жастағы әйелді 21 сәуір күні көрген. Оны алғашқылардың бірі болып көрші ауданда тұрып жатқан әпкесі Макарская іздеген екен. Туыстар жексенбіге дейін телефон арқылы сөйлесіп келген. Артынша Елена байланысқа шықпаған. Осыдан кейін әпкесі мен қызы оны пәтеріне іздеп барады. Бірақ есікті ешкім ашпайды. Макарская сіңілісінің үйде болуы керектігін білгендіктен, уайымдай бастаған. Бірден полицияға хабарласқан.

Балконға қарама-қарсы төсекте пәтер қожайыны жатқан. Басын біреу балталаған екен. Қылмыскер оны ұйықтап жатқан жерінен өлтірген. Сол себепті көршілері ешқандай дауыс естімеген. Басты күдікті деп Макарскаяның жалғыз ұлы танылып отыр.

Көршілері Игорь Макарскийдің анасын ғана емес, көршілерін де әуреге салғанын айтып жатыр. Ол ұзақ уақыт ұрлықпен айналысып келген екен.


Жіберіп алмаңыз:

Шымкентте зейнеткер тірідей өртеніп кетті

Павлодар облысында 4 жасар бала әкесінің көз алдында өртеніп кетті

Семейде терезе жумақ болған әжей 5-қабаттан құлап көз жұмды

Оралда жас жігіт туыстарының көз алдында көпірден секіріп кетті

Талқылау