Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда тыйым салынған террористік ұйымға кірмекші болған әйел соталуда

Қарағандыда 30 жастағы әйел террористік ұйымға кірмекші болғанымен қоймай, кәмелет жасқа толмаған қайын інісін Сирияға алып кетпекші болды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«ДАИШ» халықаралық террористік ұйымына кірген әйел сот алдында жауап беруде.

Оған ҚР ҚК 259-бабы мен 257-бабы, яғни «Террористiк не экстремистiк әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау үшін есірткі немесе психотроптық заттарын заңсыз сақтау, тасымалдау» бойынша айып тағылуда.

Тергеу барысында оның содырларға көмектесуге бара жатқаны анықталды.

Әйел 2017 жылдың қыркүйегінде Қарағандыдан Сирияға кетіп бара жатқан жерінен «Сокур» бекетінде ұсталды. Оны Қарағанды облыстық ұлттық қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері ұстады.

Тергеу барысында 30 жастағы әйел Сирияға 2017 жылдың тамызында кетпекші болғаны бегілі болды. Террористермен байланысып, өзін содырлар қатарына алуларын сұраған. Содырлардың бірі оған Сириядағы соғыс алаңына қалай жету керегін айтқан.

Ұсталған әйел өзімен бірге 18 жасқа толмаған қайын інісін әкетпекші болды. Бірақ, анасының келісімін алмағаннан кейін, кейінірек алып кетуге уәде берген.

Қазіргі уақытта сот оларды тыңдауды бастап кетті.

Тағы оқыңыз:

Атырауда қаскөйлер жас жігітті зиратқа апарып, арматурамен сабаған

Жіпті тартқанда көлік жарылды: Алматы облысында бизнесменге қастандық қалай жасалды

ШҚО-да құлаған қарағайдың астында қалған ер адам көз жұмды

Алматы облысында балабақша тәрбиешісі бастығының кесірінен өзіне қол жұмсамақшы болды

 

Талқылау