Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарапайым таңғы ас 2 жасар баланы қыршынынан қия жаздады

Қарағандының екі жасар тұрғыны таңғы ас ішемін деп өмірімен қош айтыса жаздады. Жергілікті өндірушіден шыққан пірәндікті жеу кезінде бүлдіршіннің тамағына шыны түсіп кеткен. Бұл туралы баланың ата-анасы айтып берді. Ал бөгде заттың азық ішіне қалай кіріп кеткені белгісіз. Оны енді сот анықтайтын болады.

пряник кіріп кеткен

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Қазір баланы тамақтандыру қиынның қиыны дейді Әсем Құсайынова. Алайда оқиғаға дейін Салихтың тәбеті жақсы болған екен.

«Пірәндік жей бастағаны сол еді, ол құса бастады. Қан ақты. Мен қолыммен оның аузындағыны шығардым. Онда тамақ пен әйнек сынығының бөлшегі болды. Қан тоқтамады, ал жедел жәрдем бізді ауруханаға жеткізді. Дәрігерлер әйнектің асқазанға түсіп-түспегенін анықтай алмады, рентген де ештеңе көрсетпеді. Хирург жараның терең екенін және тек ота жасау арқылы жазылуға болатынын айтты. Бірақ мен бас тарттым», – дейді Салихтың анасы Әсем Нұрсейітова.

Оқиға осыдан екі ай бұрын болған. Алғашқыда Салихтың анасы мәселені отандық өндірушімен өзара шешпекші болған. Алайда олар кінәларын мойындамай қойған. Содан кейін ашынған ана мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мекемесіне жүгінген. Ол кәсіпорын қызметін тексеруді талап еткен.

«Компания өз өнімдеріне бөгде зат кіріп кетпеуін қадағалауға міндетті. Заң бойынша, олар норманы бұзып отыр. Сондықтан олар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы тиіс. Сондай-ақ, бұл жағдайда жәбірленуші тарап материалдық және моральдық шығын есебінде өтемақы талап ете алады», – дейді заңгер Илья Малахов.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мекемесі жүргізген сараптама нәтижесі әлі шыққан жоқ. Ал дәрігерлер кішкентай Салихтың бағы бар екен дейді.

«Әйнектің аты әйнек. Қансырай бастаса, оны тоқтату қажет. Мұндай жағдайда ақырын ғана мойынға мұздай зат басу қажет. Бірақ кез келген жағдайда жедел жәрдем шақыртқан жөн», – дейді Қарағанды облысы жедел жәрдем қызметі стансасының дәрігері Сәуле Сүлейменова.

Әсем Құсайынова өндірістік компанияға қарсы шағым дайындап жатыр. Ол баласының өмірін қауіпке тіккен жергілікті өндірушіден 5 миллион теңге өндіріп алмақ.

Талқылау