Қарағандыда педофилдің құрбаны болған бес жасар қызға ота жасалды
Қарағанды облысында педофилден зорлық көрген бес жасар қызға ота жасалды, деп хабарлайды Қазақпарат.
Бүлдіршінге ота жасалды. Оның жағдайы орташа ауыр. Толықтай кешенді медициналық көмек көрсетіліп жатыр», – деп хабарлады Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.
Баланың ата-анасы жанында. Ота сәтті өтті, бала енді емдеу курсын қабылдайды. Бала ғана емес оның ата-анасы да ауыр психологиялық соққы алды. Отбасына кәсіби мамандар психологиялық көмек көрсетуде. Айта кетейік, 23 шілде күні 40 жастағы Сәтбаев тұрғыны 5 жастағы қызының жоғалып кеткені туралы хабарлаған болатын. Сол күні полиция қызметкерлері 50 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, оның жатын бөлмесінен 5 жастағы бүлдіршін табылды.
Ота сәтті жасалды. Қыз бала қазір ата-анасымен бірге. Науқас қыздың өзі мен ата-анасына психологтар көмек көрсетіп жатыр.
Бұған дейін хабарлағанымыздай ер адам 5 жасар қызды алдап пәтеріне апарып, зорлағанын мойындаған еді. Тергеу аяқталған соң сержант шеніндегі қарауыл ашудан өзін ұстай алмай педофилді соққыға жықты.
Ал педофилді соққыға жыққан полицей кепілақша төлеп, бостандыққа шықты. Алайда ҚР Қылмыстық кодекстің «Қызмет бабын асыра пайдалану» бабы бойынша қозғалған істі тергеу амалдары аяқталғанша полицей бостандықта жүре алады.
Тағы да оқыңыз:
Ресейде жоғалған қазақстандық табылды
“Еңкейсе іш киімі көрінеді”: Қазақ азаматы оқушылардың мектеп формасын сынға алды
Астаналық таксист шетелдік жолаушылармен 36 тілде сөйлесе алады