Қарағандыда өлі күйінде табылған жігіттің анасы оқиғаға полицейлерді кінәлайды
Қарағандыда өзіне қол салды деген жігіттің анасы істің басқаша болғанын айтып, жанайқайын жеткізді.
«Ұлымның денесін әдейілеп суретке түсіріп алдым. Суретте менің марқұм болған ұлым Жұмкешов Ардақ. Полицейлер ұлымның бірнеше жерден жарақат алып, тізесі сынған күйінде Михайловкадан Майқұдыққа келгенін, мас күйінде әлдекімді ұрғанын айтуда. Ұлымның масаңдығын тексеру үшін сараптамадан өткізуге әкелген. Балам спиртті ішімдік ішпейді. Тек сыра ғана ішуі мүмкін», – деп жазады Ардақтың анасы әлеуметтік желіде.
Кейіннен іс төбелеске ауысты. Кәсіби маман болмасам да менің өзім біліп тұрмын. Баламды бетіне зақым келтірмей ұрып-соққан. Менің балам соншалықты деңгейде ес-түсінен айырылып, жарақат алып отырса жолаушысы оны көрмей ме?
Полиция басшысынан бастап тергеушісіне дейін маған өтірік айтып тұр. Олар маған баламның түк болмағандай ең соңында өзіне қол жұмсағанына сендіргісі келеді. Менің баламды ұрып-соғып, ойына келгенін істеген соң атып өлтірген.
«Біреуді өлтіріп қалай алаңсыз ұйықтайсыңдар? Сендерден де жоғары күш иесі бар. Біреуге істегендерің өзіңе екі есе болып қайтады. Ардақ хатында қылмыстық істің басшысы мен 4 полицейдіатап көрсеткен. Олардың анадан емес, хайуаннан туғанын жазған. Ұлымның телефоны жоғалып кеткені де күмәнді. Не себепті оның телефонын тергеу кезінде сұраған жоқ? Телефондағы саусақ ізі мен ондағы сөйлесулер арқылы көп нәрсені табуға болатын еді. Қоғамнан көмек сұраймын. Әділеттік орнап, кінәлілер жазаланса екен деймін», – деп жазады ашынған ана.
Ал, бас прокурордың аға көмекшісі Думан Қожахметов желідегі парақшасында бұл істің арнайы прокуратураға тапсырылғанын мәлімдеді.
Думан Қожахметов қара жамылған отбасыға көңіл айтты.
ІІД мәліметінше, қылмыстық полиция бөлімшесінің басшысы түнгі уақытта көлікті тоқтатып, жүргізушісіне ескерту жасаған. Жүргізуші полицейді балағаттап, қол көтерген. Осыдан соң ол полиция бөлімшесіне жеткізіліп әкімшілік хаттама толтырылады. Ертесі күні Ардақтың денесі гараж маңынан табылған. Жанында мылтық пен хат болған. Сараптама тағайындалып, тергеу жүргізілуде.
Тағы да оқыңыз:
Алматыда кондуктор жолаушыға жұдырық ала жүгірді (видео)
Қарағандыда балабақша тәрбиешісі киллер жалдау үшін күйеуінен 8 мың доллар ұрлап алған
Оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түскен дін қызметкері сотталды