Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда облыстық соттың екі қызметкерін үйінде пышақтап кетті

30 шілде күні түнде Қарағандыда облыстық соттың екі қызметкерін пышақтап кеткен.

nozh

Бұл туралы nv.kz хабарлайды.

“Жұмадан сенбіге қараған түні Облыстық клиникалық ауруханаға пышақ жарақатымен ер және әйел адам жеткізілді. Екеуі де жансақтау бөліміне орналастырылды. Әйел мойыннан жарақат алған, ал ер адамдыкі жеңіл. Олардың жағдайлары ауыр, бірақ тұрақты”, – дейп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз бөлімі.

Пышақ салу фактісін облыстық ІІД растады.

“Аталған факт тіркеуге алынып, сотқа дейінгі тексеру жұимыстары Қылмыстық кодекстің 106 бабы “әдейі денсаулыққа ауыр зардап тигізу” бабы бойынша қаралып жатыр”, – деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Жарақат алғандарға қатысты Қарағанды облыстық соты да түсініктеме берді.

“Екеуі де сот жүйесінің қызметкерлері. Ер адам – талдау және жоспарлау бөлімінің басшысы, ал әйел адам – Қарағанды қалалық экономикалық сотының бас маманы”, – деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Сот қызметкерлерінің пышақ жарақатын қандай жағдайда алғаны белгісіз. Шабуылдың кәсіби қызметтеріне қатысы бар-жоғы да әзір анықталмады.

Талқылау