Қарағандыда мысықты тірідей өртеген адам іздестірілуде
Қазақстанда жануарларды қорғаумен айналысатын бірнеше бірлестік Қарағандыда мысықты тірідей өртеген адамды іздестіріп жатыр.
Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.
Қоғамдық бірлестік өкілдері құқық қорғау органдарынан жануарды қорлап және оның видеосын әлеуметтік желіге жүктегендерді анықтап, жазалауды сұрап отыр. “Әлеуметтік желіні пайдаланушылардың құқықтары туралы айтатын уақыт келді. Мұндай видеоларды салып және оны әлеуметтік желілерде белсенді таратқандар ҚР ҚК 313-бабына сәйкес жазаланады”, – деді қоғамдық бірлестіктің еріктісі.
10 секундқа созылған видеода Қарағандыдағы жеке ойын-сауық кешендерінің бірінде болған оқиғада белгісіз адам мысықты тірідей өртеп, өз ісінен рахат алғаны бейнеленген.
Жіберіп алмаңыз:
Көкшетауда із-түссіз жоғалған 15 жастағы қыз ғашығымен бірге табылды
11 жасар бала кішкентай қызды педофилден құтқарып қалды
Қарағандыда шахтадан шыға алмай көз жұмған кеншілер өмірлері үшін соңына дейін күрескені анықталды