Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда шахтадан шыға алмай көз жұмған кеншілер өмірлері үшін соңына дейін күрескені анықталды

Қарағанды облысындағы кеніште кезекті апат. Шахтинск қаласындағы «Казахстанская» шахтасында метан газына уланып, 3 кенші қаза тапты,-деп жазды КТК арнасы.

кен

Оқиға таңғы төрттің шамасында болған. Сол учаскедегі қалған 129 кенші шұғыл түрде жоғарыға шығарылыпты. Солардың ішінен тағы 3 кенші өздерін жайсыз сезін арнасыіп, ауруханаға түсті. Қазір кен орны уақытша жұмысын тоқтатып, мемлекеттік комиссия апаттың нақты себептерін анықтауға кірісті.

Апат мына Қазақстан шахтасында былтырдан бері игеріле бастаған жаңа учаскеде болған. Мамандар ол жерде қауіптің иісі сезілмегенін айтады.

Алайда 615 метр жердегі тереңдікте мол көлемде метан газы жиналған көрінеді. Ақыры осы түнде қатты қысыммен тез арада тараған қауіпті газдан 3 кенші қашып құтыла алған жоқ.

Қазір марқұмдардың кімдер екені мәлім. Олардың бірі – артында үш баласы мен жары еңіреп қалған 34 жастағы Рустам Ахметжанов. Ал 37-дегі Валерий Руденконың 2 баласы бар.

Үшінші кенші, 31-ге жаңа толған Максим Шебановтың да артында бір баласын құшақтап, аяғы ауыр келіншегі қалды. Болжам бойынша, 3 кенші апат кезінде қандай да бір әрекет етуге дәрменсіз болған.

«Себебі метан мен көмір араласып шашылған. Тыныс алу құрылғысы ашылыпты, көрдік жаңа. Бірақ уақыт болмаған. Барлығының денелері сау, газдан уланып, тұншыққан»,-дейді Қарағанды облыстық ТЖД бастығы Ибрагим Күлшімбаев.

Шахта басшылығы метан газы тарала бастағанда-ақ құтқарушыларды шақырып, кеншілерді кейін қайтара бастадық дейді. Бұл уәждерін енді арнайы комиссия мен полиция тексереді.

Ал сол газдан уланған өзге 3 кенші Қарағандыдағы облыстық медициналық орталыққа жеткізілген.

«Үш адам облыстық медициналық орталыққа апарылды. Бір адамға амбулаториялық көмек алды. Облыстық ауруханада жатқан адамдардың жағдайлары орташа дәрежеде деп айтуға болады.

Қазіргі уақытта бүкіл медициналық қызмет көрсетіліп жатыр»,-дейді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

«Арселор Миттал Теміртау» компаниясының көмір департаменті марқұмдарды ақтық сапарға шығарып салу рәсімін көтереміз деп отыр.

Еңбек келісім-шарты бойынша бал-шағасына да қыруар қаражат беріледі деп уәде етуде. Арнайы комиссия апаттың нақты себебін алдағы 10 күнде анықтауы тиіс. Полиция да шахтадағы еңбек қауіпсіздігінің сақталмауына қатысты іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған.

Оқи отырыңыз:

ҚР жаңа Білім және ғылым вице-министрі тағайындалды

Елбасы сот жүйесі туралы заңға енгізілген түзетулерге қол қойды

Еліміздің жеті облысына жаңадан прокурорлар тағайындалды

Мәсімов, Жақсыбеков, Мұхамедиұлы Астанадағы марафонда жүгірді (фото, видео)

Талқылау