Қарағандыда мейрамхана маңында жігітті өлтіріп кеткен: Прокуратура қазақстандықтарға ескерту жасады

Қарағандыда мейрамхана маңында болған қанды оқиғадан кейін облыстық прокуратура тұрғындарға ескерут жасады. Себебі әлеуметтік желілерде оқиғаға қатысты пікір білдірген қолданушылар төбелестің ұлтаралық кикілжің салдарынан туындағаны туралы жалған ақпарат таратуда, деп хабарлайды Қарағанды облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Қарағандыда мейрамхана маңында жігітті өлтіріп кеткен: Прокуратура қазақстандықтарға ескерту жасады

Осылайша, оқиғаға қатысты тақырыпты желеу етіп отырғандар қазақстандықтар мен төбелеске қатысқандардың жақындарын заңсыз әрекеттерге арандатып, жалған ақпарат таратып жатыр. Өз кезегінде прокуратурадағылар мұндай әрекеттің Конституцияға және мемлекеттің заңдарына қайшы екенін ескертті.

«Осыған байланысты барлық жеке және заңды тұлғаларды, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін қатаң азаматтық позициясын танытуға, арандатушылыққа бой бермеуге шақырамыз. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу максатында, «Прокуратура туралы» заңның 32-бабын басшылыққа алып, түсіндіремін. Заңсыз митингтерге шақыру, ұйымдастыру және оған қатысу қатаң заң бұзушылықтың белгісі болып табылады, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке әкеледі (Әкімшілік кодекстің 488-бабы және Қылмыстық кодекстің 400-бабы).

Сонымен қатар, әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн не дiни сезiмдерiн қорлауға бағытталған қасақана әрекеттер, Қылмыстық кодекстің 174-бабымен жауапкершілікке әкелетінін түсіндіремін», – дейді ппрокурор Сексембаев.

Осы жағдайға байланысты прокуратура қазақстандықтарды заңбұзушылыққа жол бермеуге шақырды.

«Кұқықтық тәртіп органдары барлық бұзушылықтардың алдын алып, тез арада қылмыстық қудалауға дейінгі барлық шараларды қолданатын болады», – дейді облыстық прокуратурадағылар.

Еске сала кетсек,  1 қаңтарда түнде бір топ жастар жаңа жылдық мейрамды қаладағы мейрамханалардың бірінде атап өткен кезде қанды оқиға орын алды. Полицияның алдын-ала нұсқасы бойынша, жас жігіттер ішімдік ішкеннен кейін жанжалдаса бастаған. Олар мейрамханадан шыққаннан кейін, арты қанды төбелеске ұласқан. Сонда төбелеске қатысушылардың бірі қалтасынан пышағын шығарып, достарының біріне сұғып алады. Өкінішке орай, пышақ жарақатын алған жәбірленуші дәрігерлер келгенге дейін қайтыс болып кетті. Сондай-ақ, досын өлтіріп қойған жігіт тағы біреуінің кеудесін пышақпен жарақаттап және тағы екі жігітке жеңіл жарақат келтірген. Сөйтіп, жолдастарына пышақ ала жүгіріп, біреуін ажал құштырған жігіт оқиға орнынан қашып кеткен.

Тергеу барысында 24-27 жас шамасындағы 3 жігіттің түрлі жарақатпен ауруханаға жүгінгені белгілі болды.

Полиция департаментінің мәліметінше, төбелеске қатысқан бірінші тарапта қазақ, армян және басқа да ұлт өкілдері болса, екінші тарапта азиаттық ұлт өкілдері болған.

Бүгінде 3 күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Тағы бір күдіктіге республикалық іздеу жарияланды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр