Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды мейрамханасындағы Жаңа жылдық отырыс адам өлімімен аяқталды

Жаңа жыл түні Қарағандыдағы мейрамханалардың бірінде қанды төбелес болды. Соның салдарынан 23 жастағы жігіт пышақ жарақатып алып, көз жұмды, деп Stan.kz ақпараттық агенттігі Қарағанды облысы ІІД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды мейрамханасындағы Жаңа жылдық отырыс адам өлімімен аяқталды

Қанды оқиға 1 қаңтарда түнде бір топ жастар жаңа жылдық мейрамды қаладағы мейрамханалардың бірінде атап өткен кезде орын алды.

Полицияның алдын-ала нұсқасы бойынша, жас жігіттер ішімдік ішкеннен кейін жанжалдаса бастаған. Олар мейрамханадан шыққаннан кейін, арты қанды төбелеске ұласқан. Сонда төбелеске қатысушылардың бірі қалтасынан пышағын шығарып, достарының біріне сұғып алады. Өкінішке орай, пышақ жарақатын алған жәбірленуші дәрігерлер келгенге дейін қайтыс болып кетті. Сондай-ақ, досын өлтіріп қойған жігіт тағы біреуінің кеудесін пышақпен жарақаттап және тағы екі жігітке жеңіл жарақат келтірген. Сөйтіп, жолдастарына пышақ ала жүгіріп, біреуін ажал құштырған жігіт оқиға орнынан қашып кеткен.

«Зардап шеккен жас жігіт дәрігерлер келген кезде қайтыс болып кеткен. Ал тағы біреуі кеудесінен ауыр жарақат алып, оған жедел түрде ота жасалды. Оның жағдайы ауыр. Сондай-ақ, екі зардап шегушіге қажетті медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді», – дейді Денсаулық сақтау басқармасының өкілі Айжан Иса.

Қазір полиция қызметкерлері бұл істі 99-бап, Адам өлтіру фактісі бойынша тергеуде. Күдіктінің аты-жөні анықталғанымен, бірақ оның қайда жүргені белгісіз. Күдікті қылмыскерді іздеу жұмыстары екі күн бойы жүргізілуде.

Талқылау