Қарағандыда «Казақавтодор» басшысы ірі көлемде пара алған жерінен ұсталды (видео)
«Қазақавтодор» кәсіпорны Қарағанды филиалының басшысы мен оның орынбасары ірі көлемде пара алу кезінде ұсталды. Қос басшы «Ақжол ДС» ЖШС-дан 17 миллион теңге алмақшы болған.
Бұл туралы жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросының баспасөз қызметі хабарлады.
Кәсіпорын директор Ғадыл Мұқанов пен оның орынбасары Ержан Отаров пара алғаны үшін айыпталып отыр.
«Қарағанды облысы жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросы департаменті «Ақжол ДС» ЖШС өкілдері Ыбышева М. Мен Жақпаров Б.-дан 17 миллион теңге көлемінде пара алған «Қазақавтодор» кәсіпорнының Қарағандыдағы филиалының басшысы Мұқанов Ғалым мен оның орынбасары Отаров Ержанды ұстады», – делінген баспасөз хабарламасында.
Ұлттық бюроның мәліметіне сәйкес, қолды болған ақша Қызылорда-Қарағанды-Павлодар авто жолының жөндеу жұмыстарына жұмсалмақ.
Ұлттық бюроның мәліметіне қарағанда, пара бергендер де, пара алғандар да 15 қыркүйек күні қолға түсіп, 16 қыркүйек күні барлығы қамауға алынған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жіберіп алмаңыз:
Ұлттық валютаның курсы 340 теңгеге жетті
Тоңазытқыштан табылған егіздердің ағасының әрі қарайғы тағдыры белгілі болды
Көкшетауда өрт кезінде екі бала мен әйел адам қаза тапты
Бауыржан Байбек көшеде баян тартып отырған қарияға қолтаңба берді (видео)