Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда дүкенге кіріп жылынғаны үшін тұрғындардан ақша сұраған сатушы жұртты ашуландырды (фото)

Қарағанды тұрғыны қақаған аязды пайдаланып ақша табуды көздеген сыңайлы. Ол өзінің дүкеніне кіріп жылынғаны үшін тұрғындардан 50 теңге сұраған. Тіпті онысын хабарландыру ретінде дүкен есігіне жапсырып қойыпты, деп хабарлайды Stan.kz.

Хабарландырудың суреті Instagram желісіндегі shock_krg парақшасында жарияланды.

Ал желі қолданушылары қақаған аязды пайдаланып ақша тауып қалуды көздеген дүкен иесінің әрекетіне ашуланып, сынап тастады.

Tengrinews.kz хабарлауынша, хабарландыру авторы мұндай әрекетке ақша табу үшін бармаған. Тек адамдардың дүкенге жылыну үшін кіргенін қаламаған екен.

«Адамдар үнемі кіріп-шығады. Ал мен суықта отырамын. Әрине, адамдардан жылынғаны үшін ақша сұрамаймын. Тек қорқытқаным», – дейді хабарландыру авторы.

Оқи отырыңыз:

Астанада анасы жан сақтау бөлімінде жатқан баланың туыстары іздестіріліп жатыр

Астанада басшысы зорлап тастаған әйел намысы қорланғанын дәлелдей алмай жүр

ОҚО тұрғыны асыранды қызына берілетін өтемақы тоқтағаннан кейін оны жындыханаға тапсырған

Қазақстанда көлік бағасы 12 пайызға арзандамақшы

Талқылау