AAPL
133.41 $
-0.43 %
TSLA
679.82 $
9 %
NDAQ
177.8 $
-0.5 %
GOOGL
2450 $
0.14 %
FB
343.18 $
1.22 %
FRHC
63.27 $
3.13 %
AAPL
133.41 $
-0.43 %
TSLA
679.82 $
9 %
NDAQ
177.8 $
-0.5 %
GOOGL
2450 $
0.14 %
FB
343.18 $
1.22 %
FRHC
63.27 $
3.13 %

Астанада басшысы зорлап тастаған әйел намысы қорланғанын дәлелдей алмай жүр

Елімізде сексуалды алымсақтықтан, яғни әйелдер мен еркектердің бір біріне шектен тыс қырындап, тиісуінен қорғайтын бізде заң жоқ. Осылай деп дабыл қаққан заңгерлер,  қылмыстық кодекске аталмыш ұғымды қылмыс ретінде енгізу керек деген пікірде. Өйткені,  қоғамда жиі кездесетін физикалық, жыныстық және психикалық зорлық-зомбылықтың бұл түрі бойынша бір де бір адам жауапқа тартылмаған екен.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Алмагүл Құсайынова 6 айдан бері әйелдік намысы қорланғанын дәлелдей алмай жүр. Ол басшысының өзіне көз сүзе қарап, қырындап, орынсыз әзілдер айтатынына төзіп келген. Алайда оның соңы зорлауға дейін жететінін білмеген. Егер әйелдерді алымсақтықтан қорғайтын заң болса, зорлықтың алдын-алып, өзіме жәбір көрсеткен бастықты дереу жауапкершілікке тарту мүмкін болар еді -деп қынжылады жалғызбасты келіншек.

“Ұжымдық отырыстан кейін бастығым мені еркімнен тыс зорлады. Оған дәлел болатын барлық сараптамалардың бар болғанына қарамастан, іс сотқа дейін жетпеді. Жарты жыл болды әділдік таппай келемін. Бұл оқиғадан кейін жұмыстан шығуыма тура келді”, – дейді Астана қаласының тұрғыны Алмагүл Құсайынова.

Заңгерлердің айтуынша, сексуалды алымсақтық жасау әрекеті көп жағдайда заңның шикілігіне байланысты жазасыз қалатын көрінеді. Әсіресе қылмыскер лауазымды тұлға не шенді-шекпенді болса, оның айыбын дәлелдеу тіпті мүмкін емес -дейді мамандар.

“Факті жоқ, дәлел жоқ, бопсалау деп тартылу керек қой негізінде. Өзінің істеріменен, әрекеттеріменен, егер де сен осындай жасамасаң мен сені жұмыстан шығарып жіберемін немесе бағаңды қоймаймын деп тиседі ғой, түсінесіздер ғой. Сондай жағдайды өте қиын дәлелдеу. Бір де бір іс өткен жоқ”, – дейді заңгер Айман Омарова.

Жуырда ғана дәл осындай алымсақтық айыбымен Голливудтың ең бір беделді кинопродюсері Харви Вайнштейннің аты шыққан болатын. Роуз Макгоуэн, Гвинет Пэлтроу, Ева Грин, тіпті әлемдегі ең сұлу актрисалардың бірі Анджелина Джоли да өзінің Вайнштейннен сексуалды жәбір көргенін ашық айтқан.

Өзінің лауазымын асыра пайдаланып, ондаған нәзік жандыны қорлап келген кинопродюсер өзі басқарып отырған «The Weinstein Co» компаниясынан қуылған еді.

Оқи отырыңыз:

ОҚО тұрғыны асыранды қызына берілетін өтемақы тоқтағаннан кейін оны жындыханаға тапсырған

Қазақстанда көлік бағасы 12 пайызға арзандамақшы

Жұрт ашық-шашық киінген Жолдыбаеваны атышулы Байзақовамен салыстырды (фото)

Әйелімен ойнаған Қайрат Нұртас желіде қызу талқыға түсті (видео)

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр