Қарағанды тұрғыны көшуге көнбеген күйеуін пышақтады
Ерлі-зайыптылардың ұрысына негізінен көшу мәселесі себеп болған. Ең соңғы ұрыс күні келіншектің шыдамы таусылып, ашумен оның арқасына пышақ сұғып алған,-деп жазды Криминальные новости басылымы.
45 жастағы Жанар Кимбулатова жарымен бірге Бұқаржырау
Ауданының ауылды жерінде тұрған. Онда Жанардың күйеуі туп өскен. Тіпті бұл жерден ешқайда кетуді ойламаған да.
Жанар өзінің туыстары тұратын ауылда тұрғысы келген. Тіпті күнде күйеуіне сол жаққа көшу жайлы айтады екен.
Жарына таңғы ас дайындап берген келіншек әдемі көңіл- күйде отырған кезді пайдаланып оған тағы да ауылдан көшіп кету жайлы сөз бастайды. Бірден ашуланып қалған күйеуі оның бетіне шапалақпен салып қалыпты. Күтпеген жерден таяқ жеген әйел ашуға мініп жанында тұрған пышақты күйеуінің арқа тұсына сұғып алған.
«Өзіме не болғанын түсінбей қалдым. Қорыққанымнан күйіеуімнің арқасына қадалған пышаққа қарап тұрабердім. Сол кезде балам келіп қалды. Екеуміз Қанатты диванға жатқызып, дәрігер шақырттық»,-дейді келіншек.
Дәрігерлер келіп Қанатты арқасында қадаулы тұрған пышақпен ауруханаға жеткізген. Тек ота кезінде суық қару жәбірленушінің денесінен алынған. Отбасылық ұрыстың кесірінен отағасының өкпесі жарақаттанған. Сондай-ақ, ол әйеліне ешқандай да өкпесі жоғын айтыпты.
«Жанарды мұндайға баруына өзім арандаттым. Оның бетінен ұрып ашуландырмауым керек еді. Оны жауапқа тартпауларыңызды сұраймын»,-деген отағасы.
Десе де полиция заң бойынша «абайсызда адам денсаулығына ауыр деңгейде зиян келтіру бабы бойынш қылмыстық іс қозғады.
Сот үкімі бойынша Жанарға төрт жыл бас еркіндігін шектеу туралы шешім шықты. Бұл дегеніңіз әйел енді алдағы төрт жылда ешқайда көше алмайды.
Оқи отырыңыз:
Түйіндемені қалай жазу керек: Қызға жұмыс ұсынушылар бірден көбейген
Фермер көзіне шөп салған әйелінің басын шауып тастады (фото)
Анасы тісін тазаламағаны үшін 4 жасар қызының ішінен теуіп өлтіріп қойдыАлматыда полиция көлігі перзентханадан шығару кортежін күзеткен (видео)