Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасы тісін тазаламағаны үшін 4 жасар қызының ішінен теуіп өлтіріп қойды

20 жастағы Ирис Хернандес-Ривас өзінің 4 жасар қызын ішінен теуіп өлтіріп қойды. Ол өз қызына тісін тазаламағаны үшін ашуланған.

Хернандес-060217

Бұл туралы Mirror жазды.

Сол күні Ирис Хернандес түскі сағат 12.30 шамасында 911 жедел құтқару қызметіне хабарласып, қызын жуынатын бөлмеден тауып алғанын хабарлайды. Ол жеткіншектің сағат 11.15 шамасында ваннаға кіріп кеткенін, ал арада 15-20 минут өткеннен кейін оны сол жерден өлі күйде тауып алғанын мәлімдейді.

Бала ауыр халде ауруханаға жеткізіледі. Сол кезде дәрігерлер оның денесінде бірнеше жарақат бар екенін, одан бөлек басының зақымданғанын байқайды.

4 жасар қыз Вашингтон орталығындағы медициналық орталықта көз жұмады.

Одан кейін Хернандес берген мәлімдемесінде өз қызын тісін тазаламағаны үшін ішінен тепкенін мойындайды. Оның айтуынша, қыз құлап орнынан тұрғаннан кейін жуынатын бөлмеге қарай бет алады. Алайда Хернандес оны тексеруге барған кезде ол жерде жатады.

FOX 5 басылымының хабарлауынша, Хернандес бұған дейін де қызын белдікпен сабағанын айтып береді. Қыздың денесіндегі жарақат іздері де содан қалған көрінеді.

Әзірге тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сот шешімі медициналық сараптама нәтижелері шыққаннан кейін белгілі болады.

Жіберіп алмаңыз:

Баланы көтеріп жүрудің жаңа әдісі табылды

Ата-анасы тастап кеткен 3 жасар бала 8 ай бойы қаңғыбастың күйін кешіп аман қалды (фото)

Дәрігерлер ота жасап әйелдің басынан тірі тарақанды шығарып алды (видео)

106-ға келген әжей алғаш рет тұрмысқа шықты (фото)

Талқылау