Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды тұрғыны киімдерін аямай бүлдірген химиялық тазалау орталығындағы сұмдықты жариялады

Қарағанды тұрғыны Алевтина Нарымбаева қаладағы химиялық тазалау орталығының жұмысын көріп шошыған. Ол орталыққа төрт мамықтан жасалған сырт киім мен екі пальтосын тапсырған екен.

prach-2

Фото: blumex.ru

Бұл туралы eKaraganda хабарлайды.

Алты киімді қабылдап алған химиялық тазалау орталығының қызметкері клиентке қызмет құны 12 мың теңге деп жазылған фискалды чек береді. Ол қызмет көрсетуге жазбаша келісім алмаған.

“Он күннен кейін маған әбден ырым-жырым болып алба-жұлбасы шыққан киімдерімді қайтарып берді. Пальтоға не болғанын сұрамақ болғанымда айқайлап қоя берді. Осылай болып қалды деді де, тезірек кетуімді сұрады. Мен есеңгіреп тұрып қалдым”, – дейді Алевтина. Ол бір сырт киім мен бір пальтоны ғана алып кеткен. Ал бағасы 140 мың теңге тұратын тағы бір пальто басқа бүлінген киімдермен бірге сол жерде қалған.

Ал орталық болса жағдайға түсініктеме беруден бас тартты. Орталық басшылығы қызбен сөйлесуден бас тартқаннан кейін, зардап шегуші мәселені сот арқылы шешуге бел буыпты.

1e5dc326-77f1-4309-b928-149727002444

“Ең бірінші назар аудару керек нәрсе бұл – киімнің бағасы. Кейбір химиялық тазалау орталықтары әдейі қабылданған киім бағасын әдейі кемітіп жібереді. Мысалы, киімнің шынайы бағасы 120 мың теңге болса, олар келісімде тек 12 мың етіп көрсетеді. Екіншіден – егер киім бүлінсе бұл орталықтың кінәсі. Көп жағдайда 50 пайыз қылып көрсетеді. Бірақ, тұтынушы өз дегеніне көндіреді немесе келіседі. Егер киім бірнеше жылдан бері киілген болса. Дегенмен, тұтынушы келісімнің сол шартын қабылдаған күннің өзінде оны заң негізінде бұзуға болады. “Тұтынушының құқын қорғау туралы” заң бойынша келісім тұтынушының құқық бұзып тұрса онда оның күшін жоя алады”, – дейді заңгер Жаслан Айтмағанбетов.

Заңгердің айтуынша, егер орталық қайтарып берген киім бүлінген болса, онда фото және бейне түсірілім арқылы акт толтырылу керек. Актте өзінің есімін, орталықтың мекен-жайын көрсетіп, шағымын жазу керек. Содан соң акт орталық өкілдеріне қол қою үшін жіберіледі. Егер ол қол қоюға келіспесе, мұны видеоға түсіру керек. Қандай жағдай болмасын бүлінген киімді алып кетпеу керек. Егер орталықтың басшылығы тұтынушының айтқандарына құлақ аспаса, онда сотқа жүгінуге тура келмек.

Оқи отырыңыз:

Алматы облысында үшемді дүниеге әкелген отбасы баспаналы болды

Балқашта кішкентай қызын сатпақ болған безбүйрек ана жындыханаға жабылды

Алматылық бойжеткен өзін әлдекімнің өлтіріп кететінін айтып қорқытып жүргенін жеткізді

Лаңкестік кезінде «дәретханаға тығылып қалған» қос майор сот алдында жауап беруде

Талқылау