Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында үшемді дүниеге әкелген отбасы баспаналы болды

Алматы облысында үшемді дүниеге әкелген отбасы баспаналы болды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

аву

 

Жамбыл аудынында Айнұр, Гүлнұр, Балнұр есімді үшемнің ата-анасына үш бөлмелі пәтердің кілті табыс етілді. «Биыл наурыз айында ауданымыздың тұрғыны үшемді өмірге әкеліп, соны құттықтап барған кезде тұрғын үй мәселесін шешуді уәде еткен болатынбыз. Соны біздің кәсіпкерлеріміз қолдап, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығында пәтер кілтін тапсырып отырмыз», дейді Жамбыл ауданының әкімі Жандарбек Далабаев.

Бұған дейін әр жерде пәтер жалдап күнелткен Әбілешовтар отбасына демеушілер теледидар мен кір жуатын машина сыйлады. Бес қыздың анасы Жанипа Әбілешова жаны жомарт жандарға алғысын білдіріп, алдағы уақытта еліміздің демографиялық өсуіне өз үлесін қоса беретінін жеткізді.


Жіберіп алмаңыз:

Балқашта кішкентай қызын сатпақ болған безбүйрек ана жындыханаға жабылды

Алматылық бойжеткен өзін әлдекімнің өлтіріп кететінін айтып қорқытып жүргенін жеткізді

Лаңкестік кезінде «дәретханаға тығылып қалған» қос майор сот алдында жауап беруде

ҰҚК Алматы мен Қазақстанның үш облысында арнайы операция бастады

Талқылау