Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҰҚК Алматы мен Қазақстанның үш облысында арнайы операция бастады

Бүгін, 21 желтоқсан күні, Ұлттық қауіпсіздік комитеті ел аумағындағы “Әт-Такфир уәл-Хижра” діни-экстремистік ұйымының ұяшықтарын бейтараптандыру үшін арнайы операция бастады, деп хабарлайды Stan.kz.

20161202152614

Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Жедел іс-шаралар бір мезгілде Алматы, Ақтөбе, Атырау облыстары мен Алматы қаласында жүргізілуде. Діни алауыздықты қоздыру және тыйым салынған ұйымдардың іс-әрекетіне қатысу бойынша күдікті болған 16 адам ұсталып, ҰҚК аумақтық органдарына жеткізілді.

Олардың тұрған жерлері бойынша тінту және басқа да жедел-тергеу, процессуалдық іс-әрекеттері жүргізілуде. Бұл ұйымдардың мүшелерінің «сенбеушілік үшін айыптау» немесе «такфир» деп аталатын ұстанымды насихаттайтыны белгілі, олар, өз кезегінде «Әл-Каида», «ДАИШ» және басқа да бірқатар террористік ұйымдардың идеологиясында құрылған.

«Әт-Такфир уәл-Хиджра» жолын ұстанушылар Сирия мен Ирактағы террористердің іс-әрекеттерін қолдайды, сондай-ақ еліміздің конституциялық заңдары мен зайырлы басқару түрін мойындамайды. Аталған ұйым 2014 жылы сот шешімімен экстремистік деп танылып, оның әрекетіне Қазақстан аумағында тыйым салынған. Ол АҚШ, Ресей, Қытай, Мысыр, Ливия, Марокко, Тәжікстан, Өзбекстан және өзге де елдердің террористік ұйымдар тізбесіне қосылған.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті операция барысы және одан әрі тергеу нәтижесі туралы хабарлайтын болады.

Оқи отырыңыз:

Алматылықтарға тегін үй бердім деген экс-әкім Есімовтың көзбояушылығы әшкере болды

Ғаламторды шулатқан бейне: Мәжілісменге ұқсайтын ер адам балағат сөздер айтып жатыр (видео)

Таразда алып баннерді денесімен тосып тоқтатқан сарбаздар марапатқа ұсынылмақ

Астанада алматылық бойжеткен кафеден өзгенің тонын киіп кетіп қалған (видео)

Талқылау