Қарағанды супермаркетінде порнографиялық киндер-шоколад пайда болды (видео)
Қарағанды супермаркеттерінде ұятсыз суреттер бейнеленген шоколадтар сатылып жатыр.
Бұл туралы nv.kz хабарлайды.
Сондай өнімдердің бірі “Ұмай” сауда үйінің ішінде сатылып тұр. “Love is…” киндер-шоколадтар өзге тәттілермен бірге сөреде.
Өндірушілер тырдай жалаңаш шешінген жігіт пен қыздың бейнесін салу арқылы бұл шоколадқа жаңа өң беруге тырысыпты. Жалаңаш жұп бір-бірімен аймаласып отыр. Шоколадтың ішінде жалаңаш қыздың қуыршағын құрастыру ережесі көрсетілген.
Жалпы саны 14 фигура.
Әрине, мұндай мазмұндағы шоколад өнімінің бала санасына кері әсер ететіні анық.
Оқи отырыңыз:
Семейде 20 жігіт көшеде айқайлап жолды жауып бұзақылық жасамақ болды
Алматы тұрғыны қоқыс полигонына айналған үйінде тышқандармен бірге өмір сүріп жатыр
Оралда өзіне қол жұмсады делінген басшыны қызметкері айуандықпен өлтірген болып шықты
Талқылау