Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында шенеунік қызметкерлерінің не істеп, не қойғанын жасырын камерамен көріп отырған

Сәтпаев қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының жетекшісі Мылтықбай Серікбаев қарамағындағыларды аңду үшін құпия камера орнатқан.

IvideFAQIn_4

Бұл туралы “Новый вестник” газеті жазады.

Ол кеңсе төбесіне құпия түрде камера орнатып, тәулік бойы қарамағындағы қызметкерлердің не істеп жатқанын көріп отырған. Ал басқарма қызметкерлері болса өздерінің әр секунды таспаға басылып жатқанын білмеген.

Бейнежазба автоматты түрде Серікбаевтың жұмыс компьютеріне түсіп отырыпты. Видеоны көріп шығу үшін шенеуніктің қанша уақыт жұмсағаны белгісіз. Облыстық мемлекеттік кірістер департаменті ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері “кеңсе төбесіні жөндеу жұмыстары” туралы біле салысымен, бірден шенеуніктің әрекетіне қатысты қызметтік тексеруді бастаған.

Тәртіптік кеңесте Серікбаев қызметкерлерінің салық төлеушілерден ақшалар мен сыйлықтар алатынын естігенін айтыпты. Ол осы сөздің растығын тексеру үшін, камера орнатқан. Оның сөзінше, бұл әрекетті ол шындыққа көз жеткізу үшін істеген және олай істеуге болмайтынын білмеген. Жасырын камера туралы жаңа өзгеріс туралы ұжымды құлақтандырмақ болғанымен, оған үлгермепті.

“Егер камера көрінетін жерде орналасса – онда бұл басқа мәселе. Сонда ғана басшының ұжымға ескертпек ойы болғанына сенуге болады. Бірақ, стационарлық камераны ол жасырын түрде орнатса, онда бұл мүлде басқа мәселе”, – дейді кеңес төрағасы.

Тәртіптік кеңесте кез-келген күдікті жағдайда азаматтардың тиісті органдарға шағымдана алатыны айтылды. Тыңдау қорытындысы бойынша Мылтықбай Серікбаевқа қатаң сөгіс жарияланды.

Оқи отырыңыз:

Алакөлдегі әуежай құрылысына бөлінген ақшаның 28 миллионы қайда кеткені белгісіз

Өскеменде Елбасы ашқан саябақты вандалдар екі аптаға жеткізбей тас-талқан етті

Педофилді ұрған полицейдің өзі сотталуы мүмкін

Мысырда жоғалған қазақстандық студенттер табылды

Талқылау