Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында кішкентай қызды сабаған бейтаныс әйел видеоға түсіп қалды

Қарағанды облысында аулада ойнап жүрген кішкентай қызды сабаған әйел видеоға түсіп қалды. Оқиға Теміртау қаласындағы ойын алаңдарының бірінде болған.

3c3d450fbec77b6c1b22fa68f5e63d27-2-350x260

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Әткеншекте отырған баланы тәртіпке салып жатқан әйел қыздың анасы емес. Ғаламторда жарияланған бейнежазбада әйелдің бүлдіршіннен «анаң қайда?» деп сұрап жатқаны анық естіледі. Сондай-ақ, әйел баланы ауладан қуып, бетінен бірнеше рет ұрғанын да көруге болады. Полиция қызметкерлері соққыға жығылған бүлдіршіннің сараптамаға жіберілгенін айтады. «Егер қыздың денесінен көгерген жерлер анықталса, Теміртау қаласының тұрғыны жазаға тартылады» дейді.

“Балаға қол жұмсаған азаматшаға қатысты шара қолданылады. Бұған дейін бұл бейнежазбадағы азаматшамен бұған дейін сол Теміртау қаласындағы Республика даңғылында бірнеше рет қол көтерулер болған. Бірақ балалардың ата-аналары полицияға шағымданбай, өзара шешкен”, – де хабарлайды Қарағанды облыстық ІІД МТАБ басшысы Бақытжан Құдияров.

Тағы да оқыңыз:

Қостанайда қоқыс арасынан шала туған нәрестенің денесі табылды

Астана әуежайының маңдайша жазуы Nursultan Nazarbayev деп өзгертілді

Алматылықтар Қытайда болған жер сілкінісін сезінді

Талқылау