Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында инспекторларға шабуыл жасаған браконьерлер ұсталды

Қызылордада екі табиғат қорғаушысына шабуылдап, біреуін мерт қылды деп күдіктелген ер адамдар ұсталды, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Қарағанды облысында браконьерлерге шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды

«Бүгін полиция қызметкерлерінің арнайы жүргізген операциясы нәтижесінде «Охотзоопром» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының инспекторы Ерлан Нұрғалиевті қызметтік міндетін атқару кезінде өлтірген үш күдікті ұсталды. Олар Қызылорда қаласындағы жеке үйлердің бірінде бой тасалаған», – делінеді хабарламада.

Бүгінде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Үш күдікті уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Сотқа  дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Айта кетейік, оқиға 13 қаңтарда Қарағанды облысында болды. “Охотзоопром” кәсіпорнының қызметкерлері өлтірілген сайғақтардың терісін табады. Кейін ісзге түсіп, екі көлікті тоқтатады. Тексеру кезінде браконьерлер олардың өзіне шабуылдайды. Екі ер адам да ауруханаға түсті. Инспектор Ерлан Нұрғалиевтің өмірі үшін дәрігерлер соңына дейін күресті. Алайда Нұрғалиев комада көз жұмды. Ал аман қалған инспектор оқиғаның қалай болғанын айтып берген еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр