Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екеуімізден қан саулап жатты: Қарағанды облысында браконьерлер шабуылынан аман қалған инспектор мән-жайды айтты (видео)

Қарағанды облысында браконьерлер өздерін тексермек болған инспекторларға шабуыл жасап, жарақаттаған еді. Салдарынан олардың бірі мерт болды. Ал аман қалған инспектор оқиғаның қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Екеуімізден қан саулап жатты: Қарағанды облысында браконьерлер шабуылынан аман қалған инспектор мән-жайды айтты (видео)

Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз хатшысы Сәкен Қалқаманов Facebook желісінде мәлімдеп, видео жариялады.

Петри Ницыктің сөзінше, 13 қаңтарда кешкі сағат 18:00 шамасында ол әріптесі Ерлан Нұрғалиевпен бірге Нұра ауданының аумағына барған. Олар тексеру кезінде өліп жатқан бірнеше ақбөкен пен көлік ізін көріпті.

Мұнан кейін олар нөмірсіз Toyota Land Cruiser маркалы екі жол талғамайтын көлікті көреді.

Петр мен Ерлан Қарақұз маңында браконьерлерді қуып жеткен. Инспекторлар ексерту ретінде бірнеше рет оқ атыпты, алайда заңбұзушылар оларды елемей, жасырынған.

«Оларға жақындай бастағанымызда қаруды бізге қарай кезене бастады. Ерлан көліктің артқы дөңгелегіне оқ аттты. Бір көліктің жолын кестік. Көліктен екі жігіт пен жүргізуші қарумен атып шықты», – дейді инспектор.

Оның сөзінше, браконьерлер көліктен шығып, олардың арасында шайқас басталған.

«Мен олардың біреуін сұлаттым. Сол кезде мені желкемнен ұрды. Тұрайын деп едім, қарумен бетімнен ұрып жіберді. Есімді жоғалтқандай болдым. Артынша Ерланға бұрылсам, ол қарда етпетінен жатыр екен. Екеуімізден қан саулап жатты. Қанды тоқтату үшін басымды футболкамен орап, бас киім киіп алдым. Ерланның басын полиэтилен пакетпен орап, оны әрең дегенде дөңгелекке қарай сүйреп әкелдім», – дейді Ницык.

Мұнан кейін оларға әріптестері келіп, дәрігерлерді шақырып, алғашқы көмек көрсеткен.

Айта кетсек, екінші инспектор Ерлан Нұрғалиевтің өмірі үшін дәрігерлер соңына дейін күресті. Алайда Нұрғалиев бүгін таңертең комада көз жұмды.

«Бүгін таңертең «Охотзоопром» инспекторы Ерлан Нұрғалиев қайтыс болды. Ол 13 қаңтардағы 3 браконьердің Қорғалжын жазығындағы шабуылынан кейін өмірі үшін соңына дейін күрескен еді. Ол қазақ даласының символы саналатын ақбөкендерді қорғау бойынша өз парызын соңына дейін атқарды», – дейді Сәкен Қалқаманов.

Сәкен Қалқаманов құқық қорғау органдарын аталған қылмысқа қатысы бар адамдарды тауып, барынша қатаң жаза қолдануға шақырды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау