Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандылық зағип әнші Америкадағы танымал байқауға қатыспақ

Қарағандылық Кенжебек Нұрдолдай әлеуметтік желіде жұлдызға айналды. Оның бейнероликтері миллиондаған қаралым жинауда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Almaty.tv. арнасына сілтеме жасап. 

Ол концерттер кезінде де көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленді. Бұған дейін ол "Алматы" телеарнасы апта сайын Көктөбе тауында өткізетін Almaty Dream Party-ға қатысып, жеке концертін беретін. Енді 21 жастағы қазақстандық America's Got Talent шоуына қатысуға дайындалуда. 

Бала кезінен талапшыл зағип жігіт алдымен туған қаласындағы мамандандырылған мектеп-интернатты, содан кейін Тәттімбет атындағы өнер колледжін бітірген. Ал көз ауруы туа біткеннен емес, асқыну салдарынан болған. 

"Тұмаумен ауырдым, кейін асқынулар басталды. Дәрігерлердің айтуынша, жүйкем қысылған. Дегенмен, олай емес деп үміттенемін. Қазір көзім бұлыңғыр көреді. Әлі де заманауи медицинаның көмегімен емделгім келеді", – дейді Кенжебек Нұрдолдай.

America's Got Talent жобасына қатысу үшін бірнеше композиция дайындау керек. Әншінің репертуарында қазір танымал композициялардың каверлері де, өз тректері де бар. Олардың кейбірін Кенжебек жобада орындауға ниетті. Бүгінгі таңда оның репертуарындағы ең танымал "Керек емес" композициясы барлық қазақстандықтарға танымал.  

Талқылау