Қарағандылық полицей өртеніп жатқан моншадан 6 жасар баланы алып шықты
Қарағандылық полицей және оның досы жанып жатқан моншадан баланы алып шығып, оның өмірін құтқарып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Өткен демалыс күндері Қарағандыда "Кедр" қоғамдық моншасы өртеніп кетті. Өрт кезінде оның ішінде келушілер болған. Куәгерлердің айтуынша, түтін басталған кезде адамдар дүрбелеңге түскен.
Полицей Шерхан Төлеухан мен оның досы Жантөлеу Егінбай моншаға келушілердің қатарында болған. Олар айқау-шуды естіп өтрттің шыққанын байқап қалады. Осылайша демалыста екеніне қарамастан полицей мен досы жертөлеге түсіп, өрттің ортасында қалған баланы алып шыққан.
“Шығатын есік өртеніп жатқан еді. Өтетін жер болмады. Менің досым Жантөлеу Егінбай баланы дымқыл орамалға орап, алып шыққан. Оттың жалыны өте күшті болды", - деді Шерхан.
Шерхан Төлеухан өрт сөндірушілер келгенше баланы жанып жатқан ғимараттан аман-есен алып шыққан.
- Нұр-Сұлтандық сарбаз 5 баланы өрттен құтқарып қалды
- БҚО-да 16 жастағы бойжеткен үш баланы өрттен құтқарып қалды
Осылайша полицейлер баланы ата-анасына тапсырыпты. Баланың ата-анасы ұлын құтқарғаны үшін полиция қызметкері мен өрт сөндірушілерге алғыс айтты. Қазір балада бәрі жақсы, оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.
"Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы полиция қызметкері мен оның досына баланың өліміне тосқауыл болған ерлігі үшін марапаттауды жоспарлап отыр", - деп хабарлады Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
