Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандылық 11 жасар жүзгіш қатерлі ісікті жеңіп, Түркияда үш алтын медаль жеңіп алды

11 жастағы жеткіншек қатерлік ісікті жеңіп, Түркиядан 3 алтын медаль жеңіп алды

Фото: Іnstagram.com/feniks_fond

Қарағандылық 11 жастағы Захар Непогодин қатерлі ісікті жеңіп, Ыстамбұлда өткен жүзу чемпионатында үш алтын медальді жеңіп алды. Захардың сырқатымен қалай күрескенін онкологиялық аурудан кейінгі балаларды қолдау жөніндегі қоғамдық Феникс қоры баяндады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

11 жастағы Захар Қарағандыдағы №81 мектепте оқиды. Даун синдромымен дүниеге келген ол кейін қатерлі ісікке шалдыққан. Сөйтіп ол Астанадағы Ана мен бала орталығында ем алды.

Сырқатын жеңген соң, жасөспірім өз жолын таңдау керек болды. II республикалық чемпиондар ойындары Захардың өміріндегі үлкен өзгеріс болды. Бұл іс-шара қатерлі ісікті жеңген балаларға арналды. Сол жерде ол алғаш рет жүзуге қатысып, үшінші орын алды. Сол күні жанында анасы Галина мен жаттықтырушысы Елена Райнгардт болып, баланы қолдап, оған сенім білдірген.

Содан бері жүзу Захар үшін жай ғана спорт емес, өмірінің мәніне айналды. Екі жыл ішінде ол ондаған медаль мен диплом жеңіп алып, түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысып, күн сайын жаттығуда өзінің жігерлі екенін дәлелдеп жүр.

2025 жылы Захар Ыстамбұлда өткен халықаралық жарыстан үш бірдей алтын медальмен оралды.

“Чемпиондар ойындарында ұлымды тұғырдан алғаш көргенде, оның болашағы барын түсіндім. Мен оны мақтан тұтатыным соншалық, сезімімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын”, – дейді Захардың анасы.

Қатерлі ісікті жеңген балаларға арналған III республикалық чемпиондар ойындары 26-28 қыркүйек күндері енді Астанада өтеді.

 

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 18 Тамыз, 2025 09:52
Талқылау