Қарағандыдағы жылу орталығында қазандық жөндеу кезінде жұмысшы опат болды
Қарағандыда жылу-электр орталығындағы (ТЭЦ-2) қазандықты жөндеу кезінде бір жұмысшы мерт болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға 16 маусымда болған.
"ТЭЦ-2-де №7 қазандықты жөндеу жұмысы қайғылы аяқталды. 1986 жылы туған "AB Construction" ЖШС жұмысшысы биіктен құлап, алған жарақаттарынан көз жұмды", – деді Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметіндегілер.
Қазір жұмысшының өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр.
Талқылау
Пікір