Қарағандыдағы оқ-дәрі шығаратын зауыт республикалық меншікке өтті
Қазақстанда "Қазтехнология" компаниясы Қарағандыдағы Steel Manufacturing оқ-дәрі зауытын республикалық меншікке берді. 23 ақпанда үкімет өз қаулысымен келісімді бекітті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Steel manufacturing" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына қатысу үлесінің 100 пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы "Қазтехнология" акционерлік қоғамының ұсынысы қабылдансын", - делінген премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойған құжатта.
- "Оқу гранаталары емес, жауынгерлік оқ қолданылған": Жоғарғы Сот граната жарылысынан қолынан айырылған сарбазды ақтады
- Алматыда сирек кездесетін қаруларды заңсыз сатып келген топ ұсталды
Қаулыға сәйкес, кәсіпорын Kazakhstan Engineering ұлттық компаниясының акцияларына төлем ретінде мемлекет меншігіне өтіп, сол арқылы зауыттың иесі атанады.
Айта кетейік, аталған компания атыс қаруына арналған оқ-дәрілер шығарады.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан