Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда жол апатынан алты айлық сәби көз жұмды

Қарағандыда жол апатынан алты айлық бала көз жұмды, тағы екі жолаушы түрлі дене жарақаттарын алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оралда қоқыс жәшігінен нәрестенің денесі табылды: Анасы дәретханада босанып қалғанын айтты

Еkaraganda.kz сайтының жазуынша, жол көлік оқиғасы 29 қараша күні таңертең Карл Маркс-Лиговская көшелерінің қиылысында болған. Нәресте алған жарақаттан аурухана қабырғасында көз жұмған.

"29 қарашада сағат 08:20-да Mercedes-Benz E 220 автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі, алдын ала мәлімет бойынша, Карл Маркс көшесімен Лиговская қиылысында келе жатып 24 жастағы жүргізуші басқарған Volkswagen Golf автокөлігімен бағдаршамның сары түсіне өтіп бара жатып соқтығысқан", - деді Қарағанды облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

25 жастағы жолаушы мен Volkswagen Golf көлігінің жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді.

Аталған факті полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Талқылау