Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда жантүршігерлік жол апатынан медбике көз жұмды

Қарағанды облысы Сарышаған маңында жүк көлігі мен автобус соқтығысып орын алған жол апатынан тағы бір медқызметкер – медибике Айдана Имашева мерт болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Айдана ИмашеваСурет: 31 арнасы түсірілімінен скриншот

20 қыркүйекте болған жол апатының кесірінен медбике Айдана Имашева ауыр жарақат алып, жан сақтау бөліміне жеткізілген. Десе де оны дәрігерлер аман сақтап қала алмады. 54 жастағы әйел –  осы жол апатынан қаза тапқан бесінші адам. 

Сол кезде Алматы – Екатеринбург жолында автобус пен жүк көлігінің соқтығысуынан екі дәрігер қаза тауып, бір медициналық орталықтан сегіз медицина қызметкері зардап шекті. Автобус пен жүк көліктерінен ештеңе қалмады, екі жүргізуші де оқиға орнында қайтыс болды.
Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен үш адам Қарағандыға жеткізілді, тағы төртеуі Балқашта емделуде. Жетеуі де – медицина мамандары.

Естеріңізге салсақ, осыған дейін Балқаш маңындағы жол апатынан төрт адам қаза болғаны туралы хабарланған еді.

Талқылау