Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында жүк көлігі мен автобус соқтығысып, төрт адам көз жұмды

Қарағанды облысында Алматы-Екатеринбург тас жолында жүк көлігі мен автобус соқтығысып, төрт адам көз жұмды. Оқиға 19 қыркүйекте 19:30 шамасында болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

автобус апат

Апат салдарынан екі автокөліктің жүргізушісі мен автобустың бір жолаушысы алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапса, автобустың тағы бір жолаушысы жедел жәрдем көлігінде жан тапсырды. 

Жол-көлік оқиғасы кезінде автобуста 11 жолаушы болған.

Аталған факті полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Талқылау