Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда зейнеткерді соққыға жығып, тонаған жасөспірімдерге қатысты сот басталды

Видеодан скрин

Қарағандыда пәтерге баса‑көктеп кіріп, жалғызбасты қарияны ауясыз соққыға жыққан 8 жасөспірім мен 33 жастағы ер адамға қатысты сот басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме хабарлайды. 

Күдіктілер зейнеткерді тонап, тепкінің астына алғанын видоеға да түсірген. Оқиға наурыз айында болған. Зейнеткердің пәтерінің есігін айыпталушылардың бірі "электрикпін" деп қаққан. Есікті ашқанда тоғыз адам баса-көктеп кіреді. Үйдің астан-кестеңін шығарып, 35 мың теңгесі мен екі ұялы телефонын тартып алған. Ал қарияның өзін ауясыз ұрып-соғып, бетіне түкіріпті. Осының бәрін шат-шадыман күйде таспаға түсірген. Кейін бұлардың екеуін белгісіз біреулер соққыға жығып, желіде кешірім де сұратқан.


Теміртауда зейнеткерді соққыға жыққан жасөспірімдерді қатарластары "көше заңы" бойынша ұрып-соқты


Айыпталушылардың көбі 9-сынып оқушылары, колледж студенттері де бар. Араларында бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған 33 жастағы ер адам бар. Сотта осы күдіктілердің қарияның алдында тағы бір адамды өз пәтерінде соққыға жыққаны белгілі болды.

"24 наурыз күні есігімді көршім Сергей Ковальчук қағып, телефон қуаттағыш сұрады. Есікті ашып, "қазір әкелемін" деп бұрыла бергенім сол еді, соққының астында қалдым, мазақ қылды. Телефонымды, сағатымды алды. Үйдің ішін түгел талқандады. Ұрып‑соққандарын телефонға түсіріп алды", – дейді жәбірленушілердің бірі.

Еске салсақ, бұған дейін Теміртауда қарияның үйіне баса көктеп кіріп, соққыға жыққан жасөспірімдердің видеосы тарағаны туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Сенбі, 27 Қыркүйек, 2025 13:17
Талқылау