Қарағандыда пойызда босанып, нәрестесін лақтырып жіберген әйелге сот үкімі шықты
Фото: depositphotos.com
Қарағанды көлік прокуратурасы пойызда босанып, нәрестесін лақтырып жіберген әйелге қатысты сот тергеуін аяқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2025 жылдың 20 сәуірінде "Қарағанды-Сортировочная–Сарыбел" бағытындағы пойызда жолаушы әйел толғақ қысып, тиісті медициналық көмексіз вагонның санитарлық бөлмесінде босанған. Белгілі болғандай, психикалық ауытқуы бар әйел ауруы асқынған кезінде жаңа туған нәрестесін санитарлық шұңқырға тастап жіберген. Сәби теміржолға құлап, шетінеп кеткен.
"Қарағанды облысының Осакаров аудандық соты әйелдің қоғамға қауіпті әрекетті жасаған сәтте есі дұрыс болмағанын анықтап, оны арнайы медициналық мекемеде мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы шешім шығарды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ", – делінген прокуратура хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Қызылорда – Астана бағытындағы пойызда әйел өздігінен босанып сәбиін терезеден лақтырып жібергені туралы жазған едік.

"Балам әкесінің дертін "мұра" етіп алды": Қазақстандық шизофрениямен ауыратынын 16 жыл бойы әйелінен жасырып келген
