Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда қайтыс болған атасының зейнетақысын немересі үш жыл бойы алып келген

Қарағанды қаласының тұрғыны үш жыл бойы қайтыс болған атасының зейнетақысын шешіп келген. Ер адам алаяқтық үшін сотқа тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сотқа дейінгі тергеу мәліметтері бойынша, Қарағандының 34 жастағы тұрғыны 2017 жылдың сәуір айында қайтыс болған атасының зейнетақысын алып келген. Сотталушы ақшаны банк кассасы арқылы алып, қызметкерлерге атасының атынан сенімхатты көрсетіпті.

Белгілі болғандай, сотталушының атына сенімхатты шынымен оның атасы берген және оны нотариус куәландырған. Алайда сенімхатқа қол қойылғаннан кейін көп ұзамай зейнеткер жүрек жеткіліксіздігінен қайтыс болыпты.

Немересі атасының қайтыс болғанын ешжерде тіркемеген. Оның орнына ол зейнетақысын өз шотынан алуды жалғастырыпты. Үш жыл ішінде сотталушы 3,7 миллион теңге сомасын иемденіп үлгерген. Шындық осы жылдың сәуір айында зейнетақы алушылардың мәліметтер базасын медициналық ұйымдар ұсынған қайтыс болғандардың тізімімен салыстыру кезінде пайда болды.


Отырыс кезінде сотталушы өз кінәсін толық мойындап, атасының қайтыс болу фактісін тіркеу қажеттігі туралы білмегенін мәлімдеді. Ол бас бостандығынан айырмауды және келтірілген залалды өтеуге уақыт беруді сұрады.

Қазыбек би аудандық соты "ірі көлемдегі алаяқтық" бойынша сотталушыны кінәлі деп танып, 3,6 жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарды. Сондай-ақ, сотталған адам залалды өтеуге және қоғамдық орындарда жыл сайын жүз сағаттан жұмыс істеуі тиіс. Сонымен қатар, оған пробациялық бақылау орнатылған.

 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 14 Қазан, 2020 18:11
Талқылау