Қарағандыда ер азамат жанжал барысында екі адамды атып тастады (видео)
Қарағандыда 9 маусым күні белгісіз ер азамат екі тұрғынды тапаншамен жаралады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқыс оқиға түсірілген видео әлеуметтік желіде таралды. Облыстық ПД бұл ақпаратты растап отыр.
"Белгісіз тұлға жанжал барысында екі адамға оқ жаудырған. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Істің мән-жайы анықталуда", - делінген ресми хабарламада.
Аталмыш жайтқа қатысты "Қару қолданып, бұзақылық ұйымдастыру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалыпты.
Қазір қару қолданған күдіктіні ұстауға облыстық полицияның толық құрамы жұмылдырылыпты.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”