Қарағандыда ер адам сүйіктісін қызғаныштан қылқындырып өлтірді
Қарағандыда қыздың денесі табылды. Белгілі болғандай, жәбірленушіні бірге тұрған адамы қызғаныштан өлтірген.
«30 шілдеде 29 жастағы әйелдің мүрдесі Қарағанды қаласындағы үйлердің бірінен табылды. Әйелдің денесінде тұншықтырған із табылды. Полиция қызметкерлері 27 жастағы азаматты құрықтады», - деп хабарлады полиция бөлімінен.
Күдікті бастапқыда жедел топтарды жалған әңгіме айтып шатастырмақ болған, алайда жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде оған қарсы дәлелдер алынды.
Нәтижесінде ер адам жанжал кезінде қызғаныш салдарынан жәбірленушіні өлтіргенін мойындады. Іс жүзінде, ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Талқылау

Қазақстандық қыз күйеу жігітінен қалыңмал алып, артынша полицейге тұрмысқа шығып кеткен
Тұрмысқа шығамын деп ақша алып, жоғалып кететіндер туралы әңгімеледік

"Қазақ жігіттері эмоциясын көрсете алмайды": Бразилиялықпен көңіл жарастырған қазақстандық аруды сүйіктісінің ұлты да, жасы да алаңдатпаған
Жанель: "Сезіміміз бен сеніміміз сыналды"