Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда екі жолаушылар автобусы соқтығысып, бір адам қаза тапты

Қарағандыда екі жолаушылар автобусы соқтығысып, бір адам қаза тапты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz хабарына сүйене отырып. 

instagram.com/ekaraganda.kz

Куәгерлердің сөзінше, оқиға 25 қарашада сағат 9:15 шамасында болған. Полиция департаментіне сенсек, автобус айдағандардың біреуі сол жерде қаза тапқан, 15 жолаушы мен екінші жүргізуші ауруханаға әкетілген. 

“Қаза тапқан кісі айдаған №41 автобуста ешкім болмаған. Қазір осыған қатысты қылмыстық іс қозғадық, енді бірнеше сараптама жасатуымыз керек. Оқиғаның анық-қанығын анықтап жатырмыз, – дейді полициядағылар. 

STAN.KZ
Жұма, 25 Қараша, 2022 11:14
Талқылау