Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда дәлелдерді ұрлаған бұрынғы бас тергеушінің ісі сотта қаралып жатыр

Қарағандыда облыстың бұрынғы бас тергеушісі Рустам Күлкеев сот алдында жауапқа тартылды. Күдіктіге дәлелзат ретінде тәркіленген заттарды, соның ішінде Теміртаудағы тұтас бір контейнер майнинг жабдықтарын ұрлады деген айып тағылып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Күлкеевті үш адвокат және оның зайыбы қоғамдық қорғаушы ретінде қорғамақ. Қылмыстық істің көлемі – 49 том. Бұған дейін Қарағандыда осы іске қатысты үш сыбайласы – Күлкеевтің қарамағында істеген тергеуші Айдын Қанатов, әкімдік қызметкері Николай Ким және кәсіпкер Алишер Ақатаев сот алдында жауап берген еді. Процестік прокурор бұл істерді бір процесте қарауды сұрады. Сот бұл өтінішті қанағаттандырды.

Алайда айыпталушының бір қорғаушысы Алмас Әбдәқасов тергеу барысында қылмыстық іс жүргізу заңнамасының өрескел бұзылғанын айтты.

"Құрметті сот, мен осы қылмыстық істер бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтардың дәлелденбегені және қылмыстық іс жүргізу заңнамасының өрескел бұзылғаны себепті істі тоқтату туралы шешім шығаруыңызды сұраймын", – деді Алмас Әбдәқасов.


Экс-судья Светлана Жолманованың ісі сотқа жіберілді


Еске салайық, бұған дейін Жоғарғы соттың бұрынғы судьясы 11 жылға бас бостандығынан айырылғанын жаздық. Сот үкімімен Нұрпейісов 297-бабы 3-бөлігі 3-тармағына сәйкес, “Психотроптық заттарды өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз алу және сақтау” бойынша кінәлі деп танылған. Оған 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Істі зерттей келе алқа келесідей шешімге келді. Нұрпейісовтің кінәсін дәлелдеу туралы қорытындыларға куәгерлер З мен С-ның айғақтары, жеке тінту және сотталғанның тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде куәгергер қатысты. Нұрпейісовтің кінәсін мойындау туралы қорытындылар, сот-медициналық сараптамалар негізге алынды.

Талқылау