Қарағандыда болған жантүршігерлік апатқа белгілі кәсіпкер кінәлі деп танылды
Қарағандыда болған жантүршігерлік жол апатына белгілі кәсіпкер Сергей Камаев кінәлі деп танылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Kaztag
Мәліметке сәйкес, адам өліміне себепкер болған Lexus жүргізушісі Қазақстандағы белгілі кәсіпкер Сергей Камаев болып шықты. Оның кәсібі – машина жасау саласы.
Lexus жүргізушісі өз жолағында жоғары жылдамдықпен келе жатып, алдыңғы көліктің артқы бамперіне соғылған. Лексустың жылдамдығы жоғары болған. Оның жылдамдығы көлік ағынының жылдамдығына сәйкес келмей, адам өліміне әкелетін жаппай апат болды.
Камаев Қазақстандағы машина жасау саласының дамуы туралы бірнеше рет БАҚ өкілдеріне сұхбат берген. Түрлі конгрестер мен дөңгелек үстелдерге қатысқан. Сондай-ақ "Атамекен" АЭС-інің мүшесі.
Мәліметтерге сәйкес, марқұм "Nissan" көлігінің жүргізушісі 1984 жылы туған Алдаңғаров болып шықты. Ал жолаушысы, жүкті әйел Алдаңғарова қазір ауруханада жатыр.
Қарағанды облысы ІІД тергеу басқармасының бастығы Азамат Ахметов бұл іс полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында екенін айтты.
Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды қаласында 6 көлік соқтығысып, бір адам қаза тапқан еді.