Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда 4-сынып оқушылары қатарластарын аяусыз соққыға жыққан

Фото: t.me/vechernaya_karaganda

Қарағандыда 4-сынып оқушылары қатарластарын аяусыз соққыға жыққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Соққыға жығылған 10 жастағы Мирас Мамайев қазір балалар ауруханасының нейрохирургия бөлімінде жатыр. Бала ми шайқалуы және ішкі мүшелерінің жарақаттары күдігімен жатқызылған.

Анасының айтуынша, Мирасты сыныптастары №24-мектептің алдында сабақтан кейін соққыға жыққан, қатарластары оны мектеп қақпасының сыртында күтіп тұрған.

“Бір бала болса Мирасты жеңе алмайтын еді, өйткені ол карате үйірмесіне қатысады, жүлделі орындарға ие. Сондықтан екеуі оның қолы мен аяғын ұстап тұрып, үшіншісі үстіне отырып ұрған”, – дейді Мирастың анасы Жібек.

Анасының айтуынша, Мирас мектептен бала жылап келген. Ұлының өзін нашар сезінгенін байқаған анасы оны дереу тексерілу үшін ауруханаға алып барған, сол жерде дәрігерлер баланы ауруханаға жатқызу туралы шешім қабылдаған.

Дәрігерлер баланың төбелестен кейін түскенін хабарлап, іске бірден жасөспірімдер полициясы кіріскен.

Жібектің айтуынша, ұлын соққыға жыққан бір жасөспірімнің ата-анасы ғана кешірім сұраған, ал қалған оқушылардың ата-аналары кездесуде бір ауыз сөз айтпай, Мирастың жағдайына да қызықпаған.

Мирас пен сыныптастарының арасындағы кикілжің үзілістегі қарапайым балалар ойынынан басталған көрінеді.

Баланың анасы арызынан бас тартпайтынын, ұлына зиян келтіргендердің әділ жазаланғанын қалайтынын айтады.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 01 Желтоқсан, 2025 19:53