Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ металлургиялық комбинатында болды

Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы Нұркен Кобжанов "АрселорМиттал Теміртау" АҚ металлургиялық комбинатында болды. Бас директор Владимир Яблонский қонақты компанияның өндірісі және қызметімен таныстырды.

Нұркен Кобжанов  "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-мен танысу үшін металлургия комбинатының цехтарына барды. Ол №4 домна пеші және ЦГЦ мырыштаудың екінші желісін қарап шықты. Кәсіпорынқа келген қонаққа шойын шығару және металды мырыштау процесі көрсетілді.

Комбинат бөлімшелеріне барғаннан кейін Нұркен Кобжанов "АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директоры Владимир Яблонскиймен кездесті. Кездесу барысында компанияны дамыту тақырыптары талқыланды.

“Әлеуметтік мәселелер бойынша алға ілгеріледік. Компания – Қазақстандағы инфляция мөлшерін 20,3%-ға толық өтеген санаулы кәсіпорындардың бірі. Қызметкерлерді ынталандыру үшін қауіпсіздік техникасы бойынша қосымша сыйлық енгізілді. Кеншілер үшін маңызды мәселелер, сондай-ақ олардың талаптары пысықталды. Компания кәсіподақпен бірлесіп, қызметкерлердің сұраныстарын ескеретін жаңа ұжымдық шарт әзірледі. Өткен жылы әлеуметтік бағытқа 42 млрд теңгеден астам инвестиция салынды”, – деп атап өтті Владимир Яблонский.

Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасын толғандыратын мәселелердің бірі – экология. Қазіргі уақытта компания технологиялық процестерді жетілдірумен және қоршаған ортаға теріс әсерді одан әрі азайту үшін жаңа тазарту жүйелерін орнатумен айналысады.

Компанияның бас директоры комбинат бөлімшелері мен шахталарда инвестициялық жобалар енгізілгенін, жабдықтар жаңғыртылып, ғимараттар мен құрылыстар қайта жаңартылғанын, үлкен жөндеу науқаны жүріп жатқанын айтты.

“Қызықты әңгіме өрбіді. Көп нәрсені сіздің аузыңыздан естідім, кей нәрсені өз көзіммен көрдім. Шойынның шығарылу процесттерін көріп, қызметкерлермен тілдесе алдым. Мен үшін бұл тарихи сәт, себебі соңғы рет комбинатта кеңес заманында болғам. Көп нәрсе өзгергенін байқадым. Сіздің қызметкерлеріңіз – бізді сайлаушы халық, сондықтан мен үшін бұл жерде жұмыстың қалай ұйымдастырылғанын білу маңызды. Кеншілерді тыңдау үшін шахталарға да бару мүмкіндігі туады деп үміттенемін. Ұжымыңызға амандық тілеймін, өркендей беріңіздер!”, – деді Кобжанов кездесу соңында.

Талқылау