Қарағанды облысының тұрғыны 1978 жылдан бері КСРО төлқұжатымен өмір сүрген

Фото: Украина қауіпсіздік қызметі
Қарағанды облысының тұрғыны 1978 жылы алған КСРО паспортын жаңасына ауыстырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Индустриальная Караганда” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
"Мен 1978 жылы паспорт алған едім, содан бері оны уақтылы жеке куәлікке алмастыру мүмкіндігім болмады. Осындай жанашыр полицейлердің бар екеніне шын жүректен ризамын", – деп жазды өз алғыс хатында Ольга Кирихкеслер.
Ол көші-қон қызметі қызметкерлеріне өз мәселесін шешу кезінде көрсеткен ілтипаты мен жедел жұмысы үшін алғыс білдірді. Осылайша, 1974 жылғы үлгідегі кеңестік паспортын жаңартып, Қазақстан азаматтығын алу мүмкіндігіне ие болды.
Басылым мәліметінше, бұл жеке жағдай емес. Биыл өңірде осындай қиындыққа тап болған 142 адам Қазақстан азаматтығын алған. Бұған дейін олар түрлі себептермен жеке куәлік рәсімдей алмаған. Өткен жылы облыс бойынша 112 адам кеңестік паспорттарын жаңа үлгіге ауыстырған.
Талқылау
Үй алудың жаңа мүмкіндіктері: Алдағы уақытта қандай тұрғын үй бағдарламалары іске қосылады
Айта кетейік, қараша айында "Наурыз" және "Наурыз Жұмыскер" бағдарламалары бойынша өтініш қабылдау қайта басталады
"Жастар практикасы" арқылы жұмыс таптым": Қазақстандық колледж түлегі кілем фабрикасында еңбек жолын қалай бастағанын айтып берді
Бағдарламаға қатысушылардың басым бөлігі қыздар екен