Қарағанды облысында жер сілкінді: Сейсмикалық емес аймақта неге дүмпу болатыны түсіндірілді
30 қазанда Қарағанды облысында 4,5 балдық жер сілкінісі тіркелді. Қазақстандық сейсмолог Мұхтар Хайдаров дүмпулердің немен байланысты болуы мүмкін екенін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Pixabay.com
Маманның айтуынша, 1900 жылдан бері мұндағы барлық жер сілкінісінің магнитудасы – 4 балл.
"Балқаш ойпатында ежелгі палеозой дәуіріндегі өте күшті тау жыныстары бар, олар сейсмиканың дамуына жол бермейді.
Плиталық тектоника бойынша су объектілері жер қыртысының қысылуы фонында жер сілкіністерін тудыруы мүмкін. Жер үсті, көл және жер асты сулары бұзылулардың сумен қанығуын арттырады, ол жер сілкіністеріне әкеледі", – деп түсіндірді сейсмолог.
Мұхтар Хайдаров Балқаш көлінің тереңдігі таяз және жер қыртысына төмен қысым түсіретінін, бұның тек қалыпты сейсмикалық әсері болатынын түсіндірді.
"Осының барлығы аумақтың орташа сейсмикалық аймақтарға жататынын және сирек, бірақ шамалы жер сілкінісінің болатынын көрсетеді", – деді маман.
Сейсмолог шілдеде Қостанай облысында болған шағын жер сілкінісін де түсіндірді. Еліміздің бұл аймағы сейсмикалық аймақтарға жатпайды және өте сирек сілкінеді.
"Бұл – 1-ден 2,8-ге дейінгі өнеркәсіптік жарылыс. Аймақтағы бір-екі оқиғаны әлсіз жер сілкінісі деп санауға болады. Олар шахталардағы тау-кен жұмыстары кезінде жер қыртысының жоғарғы қабаттарының көшкінімен немесе жылжуымен байланысты болуы мүмкін. Яғни бұл да адам жасаған оқиғалар болуы мүмкін. Жалпы бұл аймақты сейсмикалық деп санауға болмайды”, – деді ол.