Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында спорт кешенінің қабырғасы опырылып кетті (видео)

Қарағанды облысының Нұра ауданында орналасқан "Шұбаркөл көмір" АҚ жұмысшылар кентінде спорт кешенінің қабырғасы опырылып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

қабырға құлады

Оқиға 25 маусымда болған. "Шұбаркөл көмір" АҚ вахталық кентінде мәдени-спорт кешенінің қабырғасы жартылай құлап түскен. Қуанышқа орай бұл кезде ғимарат жөндеуден өткізіліп жатқандықтан, кешеннің ішінде ешкім болмаған.

"Кәсіпорын қызметкерлері де, ғимаратты қайта құруды жүзеге асыратын мердігер ұйымның өкілдері де зардап шеккен жоқ. Оқиғаның себептері анықталып жатыр", – деп хабарлады "Шұбаркөл көмір" АҚ баспасөз қызметі.

Компания өкілдерінің айтуынша, ғимарат 1989 жылы салынған. "Центральный" кенішінің аумағында орналасқан бұл мәдени-спорт кешенін жөндеу жұмыстары сәуір айында басталды. Кешенді қайта құру арқылы бүкіл ғимаратты қалпына келтіру жоспарланған.

"Әзірге компания қызметкерлерінің бос уақытын ұйымдастыру үшін вахталық кентте 2019 жылы салынған ашық футбол алаңы мен воркаутпен айналысуға арналған алаң бар", – деп қосты компания өкілдері.

Талқылау