Қарағанды облысында сібір жарасын жұқтырған тағы бір науқас жансақтау бөліміне түсті
Қарағанды облысында сібір жарасын жұқтырған тағы бір науқас бүгін реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне ауыстырылды. Бұл туралы Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бибігүл Төлегенова хабарлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Басқарма басшысының мәліметінше, қазіргі уақытта сібір жарасы диагнозы расталған екі науқас ем алып жатыр.
"Бір науқас 62 жаста. Ол тері қабыну синдромының күшеюіне, ісіну көлемінің ұлғаюына байланысты реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне ауыстырылды. Екінші пациент 41 жаста. Жұқпалы аурулар орталығының нейробокс бөлімшесінде жатыр. Ауырлық дәрежесі орташа. Толық көлемде ем қабылдап жатыр", - деді Бибігүл Төлегенова.
Еске салайық, осыған дейін Қарағанды облысы Топар кентінде бір отбасының 3 мүшесі сібір жарасын жұқтырғанын жазған болатынбыз. Өкінішке қарай, жансақтау бөлімінде жатқан 75 жастағы науқас көз жұмды.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ