Қарағанды облысында полиция әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаздарды іздестіруде
Қарағанды гарнизонының сарбаздары әскери бөлімді рұқсатсыз тастап кеткен. Олардың қайда екені әзірге белгісіз. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"2022 жылдың 8 ақпанында Қарағанды гарнизонында борышын өтеп жүрген екі сарбаз әскери бөлімді өз бетімен тастап кеткен. Өздерімен бірге қару болған жоқ", - деп мәлімдеді Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіндегілер.
Қазір әскери полиция органы мен облыстық полиция департаментінің қызметкерлері бірлесіп өз беттерінше кетіп қалған сарбаздарды іздестіруде. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.
"Тергеу нәтижесінде кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылады", – деп қосты министрліктегілер.
Айта кетейік, бұған дейін әскерге барып сандырақтап оралған сарбаздың есін жинағаны туралы хабарлаған едік. Ол жақындары мен ата-анасын тани бастаған.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді