Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында орман өртеніп жатыр

Қарағанды облысында орман өртеніп жатыр. Шет ауданында басталған тілсіз жау Ақтоғай аудандық орман шаруашылығын шарпыды. Қызыл жалыннан 150 гектар аумақ күлге айналған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Өрт 4 күн бұрын тұтанған. Аптап ыстықта құрғап тұрған шөпке тиген от қатты желден тіпті қарқын алыпты. Бір жерін сөндірсе, ұшқын келесі жерді тұтатып жатыр дейді мамандар. Сондықтан тілсіз жаумен 150-ге тарта өрт сөндіруші мен 20 арнайы техника алысып жатыр.

Төбеден су құйып жүрген тікұшақ та бар. Қазір от Ақтоғай орман қорғау шаруашылығына қарасты 34 гектар аумақты жалмап үлгерген. Жалпы өрт шарпыған аумақтың 120 гектары сөндірілген, тек тік жар, тау тастың арасындағы қызыл жалынмен күресу қиын болып тұр.

“Өрт сөндіру қураған ағаштың көптігімен күрделі таулы жермен, желмен, су көздерінің алыстығымен қиындады. Сол қиындықтарға қарамастан өрттің жиектері сөндірілді. Ашық жанулар жоқ. Шағын аумақтарда бықсу орын алуда”, – дейді Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Жанна Дәуренбекова.

Талқылау